Алматы облысының тауларында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Жетісу облысында түнде қатты жаңбыр жауады, күндіз облыс орталығында, шығысында және таулы аймақтарда найзағай ойнап, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұстарда 23-28 м/с дейін жетеді. Өңірдің шығысында өрт қаупі жоғары, оңтүстік-шығыста төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда түнде найзағай ойнап, күндіз соққан желдің екпіні 15-20 м/с, Алакөл көлдері ауданында 30 м/с және одан да асады деп күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында өрт қаупі жоғары.
Қызылорда облысының солтүстігінде және орталығында шаңды дауыл тұрады, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-23 м/с құрайды. Төтенше өрт қаупі сақталады, өңірдің солтүстігінде және орталығында өрт қаупі жоғары. Қызылордада шаңды дауыл, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды, төтенше өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болып, солтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 25 м/с құрайды, өңірдің солтүстік пен шығысында 2°C суық болып, топырақ беті қатады деп күтіледі. Өскеменде күндіз солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.
Абай облысында солтүстік-батыстан, солтүстіктен соққан желдің екпіні 25 м/с дейін жетеді. Өңірдің оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде күндіз солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Түркістан облысының оңтүстігінде найзағай ойнап, солтүстігінде және батысында шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 23 м/с дейін жетеді, өңірдің оңтүстігінде өрт қаупі жоғары, солтүстігінде және шөлді аймақтарда төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте күндіз найзағай ойнап, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, Түркістанда да күндіз солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды, төтенше өрт қаупі бар.
Қарағанды облысында түнде тұман болады, өңірдің шығысында 2°C суық болып, топырақ беті қатады деп күтіледі.
Маңғыстау облысының солтүстік-батысында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Өңірдің батысында жоғары өрт қаупі тіркеледі. Ақтауда өрт қаупі жоғары.
Ұлытау облысында күндіз солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады, оңтүстікте төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.
Күндіз Атырау облысының батысында шаңды дауыл тұрады, шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Атырауда төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Ақтөбе облысының оңтүстігінде солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-18 м/с құрайды. Түнде облыстың солтүстігінде 1 градус суық болып, үсік жүреді деп күтіледі. Өңірдің батысында және оңтүстігінде өрт қаупі жоғары, оңтүстік-шығыста төтенше өрт қаупі бар.
Түнде және таңертең Ақмола облысында тұман болып, күндіз найзағай ойнайды, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды, түнде шығыста 2 градусқа дейін күн суытып, үсік жүреді деп күтіледі. Көкшетауда күндіз солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15 м/с болады.
Түнде және таңертең Қостанай облысында тұман болып, күндіз солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15 м/с құрайды, түнде облысың шығысында 1 градус суық болып, үсік жүреді деп күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысында күндіз найзағай ойнап, түнде және таңертең тұман болады. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-23 м/с. Түнде солтүстік-шығыста 1 градус суық болып, үсік жүреді деп болжанады. Петропавлда күндіз найзағай ойнап, түнде тұман болады, солтүстіктен, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Жамбыл облысының оңтүстігінде найзағай ойнап, солтүстігінде және оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады. бар. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 25 м/с дейін жетеді, солтүстік пен оңтүстікте өрт қаупі жоғары, батыс пен шығыста төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Түнде Павлодар облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Орталықта және шығыста жоғары өрт қаупі, оңтүстік-шығыста төтенше өрт қаупі сақталады. Павлодарда күндіз солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Түнде 2 градус суық болып, үсік жүреді деп болжанады.