Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бұл "Қыс-2024" командалық-штабтық оқу-жаттығу аясында болды.
Сонымен 21 қараша сағат 11:00-де электрдабылдар мен дабылды-сөйлеу құрылғылары іске қосылды. Бұл іс-шара халықтың "Баршаның назарына!" бірыңғай құлақтандыру сигналына ден қою тәртібін пысықтауға бағытталған.
"Дыбыстық сигналды естігеннен кейін теледидарлар мен радиоқабылдағыштарды қосып, интернет-ресурстардағы және мобильді қосымшалардағы ақпаратты оқып, қазіргі жағдайда одан әрі әрекет ету бойынша нұсқаулар алу қажет", – делінген хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу