Еліміздің барлық өңірінде өрт қауіпсіздігі айлығы жүруде

203

Биылғы 15 тамыздан бастап еліміздің барлық өңірінде өрт қауіпсіздігі айлығы басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Еліміздің барлық өңірінде өрт қауіпсіздігі айлығы жүруде Фото: ҚР ТЖМ

Айлықтың мақсаты — өрт санын азайтуға және тілсіз жаудан адамдардың қаза болуына, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі шараларын күшейтуге бағытталған іс-шаралар кешенін іске асыру.

Өрт қауіпсіздігі айлығы аясында ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті осы бағытта ауқымды көпжоспарлы жұмыс жүргізуде.

"Мәселен, еліміздің барлық өңірінде 2024 жылғы 25 тамыз күні сағат 13-00-ден бастап 14-00 аралығында адамдардың жаппай жиналатын орындарында — ірі сауда-ойын-сауық орталықтарында, базарларда, павильондарда, „Мечта“, „Технодом“ тұрмыстық техника дүкендерінде және т. б., LED экрандар мен дауыс зорайтқыш құрылғыларды қолданумен оқыту бейнероликтері және аудионы бір мезгілде тарата отырып, өрт қауіпсіздігінің бірыңғай сағаты өткізілді", - делінген хабарламада.

Бұл акция өрттің, адам өлімінің алдын алуға және жарақаттануға, халықтың өрт қауіпсіздігі саласында құқықтық сана деңгейін арттыруға бағытталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу