Еліміздің барлық өңірінен ұстаздар педагогтер съезіне қатысу үшін елордаға келді

474

Биылғы жылдан бастап Ұстаздар күні 5 қазанда ресми түрде аталып өтеді. 

Еліміздің барлық өңірінен ұстаздар педагогтер съезіне қатысу үшін елордаға келді Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Мерекелік бағдарлама аясында ұстаздар Қ.Қуанышбаев атындағы музыкалық драма театрында болып, "Шәмші" спектаклін тамашалады.

5 қазанда  І республикалық педагогтер съезінің пленарлық отырысына еліміздің барлық өңірінен келген 700-ден астам педагог қатысады. Ұйымдастырылған алаңдарда педагогтер өз аймақтарының атынан  озық тәжірибелерін ұсынып, үздік еңбектерімен бөліседі.

Осыған дейін елімізде ұстаздар күні қазан айының бірінші жексенбісінде аталып өтетін. Биыл тұңғыш рет 5 қазан Мұғалімдер күні болып бекітілді. Қазақстан Республикасының Үкіметі тиісті қаулыны қабылдады. Жыл сайын әлемнің түкпір түкпірінде бұл күні ұстаздар күні атап өтіледі. Мереке ең сыйлы, жауапты әрі маңызды мамандық өкілдерін біріктіреді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу