"Бүгін бәріміз ерекше тарихи оқиғаға байланысты елордада жиналып отырмыз. Бұл еліміздің тарихында мұндай іс-шара бұрын болған жоқ. Биыл волонтерлар жылында көптеген ауқымды жобалар қолға алынады. Осы арнайы кеңседе өте маңызды бастамалар жүзеге асады деп сенемін. Мұндай орталықтар еліміздің барлық өңірінде ашылады", – деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев волонтерлердің Birgemiz атты республикалық фронт-кеңсенің ашылуында.
Айта кетейік, бүгін EХРО көрмесінің Art Hub павильонында орналасқан
волонтерлердің Birgemiz атты республикалық фронт-кеңсенің тұсауы кесілді. Іс барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы волонтерлар қозғалысының құрметті елшісі атанды.
Қанат Махамбет