Еліміздің барлық станциясында контейнерлер тиеуге рұқсат етілді

800

Бұл Қытайға, Еуропа елдеріне және Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне өнім экспорттайтындар үшін өте ыңғайлы.  

Еліміздің барлық станциясында контейнерлер тиеуге рұқсат етілді

"ҚТЖ-Жүк тасымалдары" ЖШС 2021 жылдың 31 желтоқсанына  дейін жүк тасымалдарын жүзеге асыратын барлық станцияда контейнерлерді тиеуге және түсіруге рұқсат берді, деп хабарлайды inbusiness.kz аталған компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Жүк жөнелтушілерге оларды тасымалдау кезінде вагондарды ғана емес, контейнерлерді де пайдалануға тең мүмкіндіктер беріледі. Бұл жұмыс экспорттық контейнерлеуді ұлғайту шеңберінде жүргізілуде. Бұдан басқа, контейнерлік тасымалдар уақыт талабы, олар қазақстандық экспорттаушыларға бәсекеге қабілетті болуға мүмкіндік береді", – деп жазылған хабарламада. 

Бұл ретте көптеген ел контейнерлік тасымалдарға көше бастағанын айта кету керек. 

"Мәселен қазіргі уақытта Қытай жабық вагондардағы жүкті қабылдауда қиындықтарға тап болуда. Ал жүкті контейнерлермен тапсыру барлық істі жеңілдетеді",  деп атап өтті "ҚТЖ – Жүк тасымалы" ЖШС бас директорының бірінші орынбасары Қанат Көбесов.

Қазіргі уақытта контейнерлерді пайдалану – Қытайға, Еуропа елдеріне және Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттеріне өнімдерін экспорттайтын теміржол клиенттері үшін аса қажет қызмет. Контейнерлердегі жүктерді көліктің бірнеше түрімен: теміржол, автомобиль және теңіз арқылы тасымалдау оңай, осылайша жүктерді жеткізу географиясы кеңейеді. Сондай-ақ шекара маңындағы станцияларда контейнерлерді тасымалдауға және қайта тиеуге де көп уақыт кетпейді.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу