Еліміздің Бас прокуратурасы мектептерде хиджаб киюге тыйым салуды заңды деп тапты

1061

Еліміздің Бас прокуратурасы мектептерде хиджаб киюге тыйым салуды заңды деп тапты

Еліміздің Қазақстанның Бас прокуратурасы мектептерде хиджаб киюге тыйым салуды заңды деп тапты. Бұл туралы Today.kz сауалына жауап берген қадағалау органы мәлімдеді. Бұл туралы "ҚазАқпарат" ХАА хабарлайды.

"Оқу ордалары әкімшілігінің бекітілген форма кию туралы талабы, сонымен қатар ішкі тәртіп, немесе жарғы, немесе келісімшарт талаптары заңды ", - делінген хатта.

Бас прокуратурада атап өткендей, Конституцияның 22 бабына сәйкес әркімнің ар-ождан бостандығына құқығы бар, алайда бұл құқықты жүзеге асыру жалпы адамдық және азаматтық құқықтар мен мемлекет алдындағы міндеттерге байланысты болмауға немесе оларды шектемеуге тиіс.

"Ешкімнің де өз діни нанымдары себептері бойынша Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында көзделген міндеттерін атқарудан бас тартуға құқығы жоқ ("Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" Заңның 3-бабы 7-бөлімінде).

Жоғарыда аталған конституциялық және заңнамалық нормаларды есепке ала отырып, киім формасына қатысты оқушылардың заңда қарастырылған міндеттерді орындауы туралы талабы ар-ождан бостандығының, яғни белгілі бір діни сенімдерді ұстану құқығының бұзылуы ретінде қарастырылмайды", - деп түсіндірді қадағалау органы.

Еске сала кетсек, Білім және ғылым министірлігі, Әділет министрлігі және Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі мектептерде хиджаб киюге жол берілмейтіндігін мәлім еткен болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу