Еліміздің бас прокуроры ауысты

917

Қайрат Қожамжаровтың орнына Ғизат Нұрдәулетов тағайындалды.  

Еліміздің бас прокуроры ауысты

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Ғизат Дәуренбекұлы Нұрдәулетов еліміздің бас прокуроры болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды.

"Ғизат Дәуренбекұлы Нұрдәулетов Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры болып тағайындалсын", – делінген жарияланған құжатта.

Ғизат Нұрдәулетовті тағайындауға сенат келісімін берді. 

55 жастағы Ғизат Нұрдәулетов бұл қызметте ведомствоны 2017 жылдың желтоқсанынан бастап басқарып келе жатқан Қайрат Қожамжаровты ауыстырды.

Ғизат Нұрдәулетов бұған дейін бас прокурордың бірінші орынбасары болды. Әр жылдары тергеу комитеті мен ұлттық қауіпсіздік комитеті органдарында қызмет атқарған.

Айта кетсек, еліміздің Конституциясына сәйкес, бас прокурорды президент парламент сенатының келісімімен босатып немесе тағайындай алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу