Еліміздің бас санитары сайлау кезінде бетперде тағуды ұсынды

895

Айжан Есмағамбетова тұмау жүріп жатқанын көпшіліктің есіне салды.  

Еліміздің бас санитары сайлау кезінде бетперде тағуды ұсынды Фото: el.kz/Арман Мухатов

Бұл туралы бас санитар Айжан Есмағамбетова ОСК кезекті отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсыну кезеңінде коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу шарасы туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова баяндады.

"Республика бойынша коронавирустық инфекция бойынша жағдай тұрақты. Соңғы екі аптада төмендеу байқалады. Тәулігінде 120-ға дейін тіркелуде. Алдыңғы аптамен салыстырғанда, соңғы аптада сырқаттанушылық 1,7 есеге төмендеді. Барлық аймақтар жасылда тұр. Жеті өңірде көрсеткіш жоғары, осыған орай қаулыға сәйкес, адамдар көп жиналатын жерде бетперде тағу ұсынылады. Тұмаудың екі типі белең алуда", - деді ол.

Осыған орай, сайлау кезінде барлық шараларды сақтауға кеңес берді. Вирустың таралуын болдырмау үшін бетперде тағу ұсынылатынын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу