Еліміздің бас ұстазы жақында ерекше жаңалық жариялайтынын хабарлады

2025 жылдың 17 тамызында дәстүрлі республикалық Тамыз конференциясы ұйымдастырылмақ. 

Еліміздің бас ұстазы жақында ерекше жаңалық жариялайтынын хабарлады Фото: "Өркен" институты

Сол жиында білім саласына қатысты барлық өзгеріс айтылатын болады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Мұны Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Парламент палаталарының бірлескен отырысынан соң БАҚ өкілдерінің сауалына жауап беру барысында айтты.

– Жаңа оқу жылында ешқандай пән жойылмайды. Дегенмен, қазір сарапшылар қауымымен кеңесіп жатырмыз. Бұл ретте, барлық жаңалықты тамыз айында жариялаймыз. Биыл 17 тамызда дәстүрлі республикалық Тамыз конференциясын өткізуді жоспарлып отырмыз. Сол кезде барлық жаңа өзгерістерді айтамыз, – деді елдің бас ұстазы.  

Айта кетейік, ол жаңа қадамдар әлі де талқылаудан өтетінін, сол себепті түпкілікті шешім қабылданбағанын да жеткізді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу