Еліміздің басым аумағында аптап ыстық болады

566

Елімізде 9 облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды.  

Еліміздің басым аумағында аптап ыстық болады

6 тамызда Атырау облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, күн күркірейді, деп хабарлайды Қазгидромет.

Күндіз оңтүстікте 35 градусқа дейін ыстық болады, өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Сол күні Атырау қаласында түнде жаңбыр жауады, найзағай ойнап, күтіледі.

6 тамызда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл соғады, бұршақ жаууы мүмкін. Жел солтүстік-шығыстан соғады, кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. 6 тамызда күндіз өңірдің оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық болады. Облыстың басым бөлігінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

6 тамызда күндіз Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, күн күркірейді. Оңтүстікте 38 градус қатты ыстық болады. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23 м/с жетеді. Қостанай облысында орташа төтенше жағдай деңгейі болуы ықтимал.

Сол күні Қостанай қаласында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20м/с жетеді.

6 тамызда күндіз Түркістан облысының басым бөлігінде 40 градус қатты ыстық болады. Кей жерлерде өте жоғары өрт қаупі сақталады. Ертең күндіз Түркістан қаласында 40 градус қатты ыстық болуы ықтимал.

6 тамызда күндіз Ақмола облысының кей жерлерінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Кей жерлерде өрт қаупі жоғары болады.

6-8 тамызда Алматы облысында күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Талдықорған қаласында 6-8 тамызда күндіз 35 градус қатты ыстық болады.

6 тамызда күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды. 6 тамызда Қызылорда облысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Күндіз өте жоғары өрт қаупі сақталады.

7-8 тамызда Жамбыл облысында кей жерлерде шаңды дауыл соғады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с жетеді. 6-8 тамызда күндіз өңірдің басым бөлігінде 39 градус қатты ыстық күтіледі. Кей жерлерде өте жоғары өрт қаупі сақталады. 6-8 тамызда күндіз Таразда 6-8 тамызда 39°С қатты ыстық болуы мүмкін.

6-7 тамызда Қарағанды облысында кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Жел оңтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, кей жерлерде 15-20, екпіні 23 м/с жетеді. 6-7 тамызда күндіз облыстың оңтүстігінде 37 градус қатты ыстық күтіледі, өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Ертең күндіз Қарағанды қаласында жел оңтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, екпіні 18 м/с жетеді.

6 тамызда күндіз Жезқазған қаласында 35-37 градус қатты ыстық болады, найзағай ойнап, күн кұркірейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу