Еліміздің басым бөлігінде бұршақ, дауыл және найзағай күтіледі

483

Бұл туралы "Қазгидромет" РМК хабарлады.

Еліміздің басым бөлігінде бұршақ, дауыл және найзағай күтіледі

22 шілдедегі ауа-райы болжамына сәйкес, елдің басым бөлігінде ауа-райының тұрақсыз сипаты сақталады. Найзағай, бұршақ және жаңбыр жауады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Тек оңтүстік, оңтүстік-батыс және ҚР орталығында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Республика бойынша жел күшейеді, түнде және таңертең солтүстікте тұман, күндіз оңтүстік-батыста шаңды дауыл болады.

"Күндіз Жамбыл, Маңғыстау, Атырау, Түркістан, Алматы, Жетісу, Қарағанды, Абай, Ақтөбе, Ұлытау облыстарында 35-40°С қатты ыстық болады деп күтілуде", - делінген хабарламада.

Төтенше өрт қаупі сақталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу