Еліміздің басым бөлігінде қатты ыстық сақталады

450

Бұл туралы Қазгидромет хабарлады. 

Еліміздің басым бөлігінде қатты ыстық сақталады Фото: www.nur.kz

Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен ҚР батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр жауады, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі, ал елдің қалған аумақтарында көбінесе жауын-шашынсыз ауа-райы болады. Республика бойынша жел күшейеді, түнде еліміздің солтүстік-шығысында тұман күтіледі.

Күндіз Ақмола, Жамбыл, Алматы, Қызылорда облыстарында, Абай, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде, Ұлытау облысының солтүстігінде, орталығында, Түркістан облысының батысында және шөлді аудандарында 35-41°с қатты ыстық күтіледі.

Түркістан, Алматы, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Қызылорда, Жамбыл, Маңғыстау, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау, Абай, Жетісу облыстарында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Атырау облысының батысында, шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу