Еліміздің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы күтіледі

294

Қазгидромет синоптиктерінің болжамы бойынша, еліміздің батысында, оңтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Еліміздің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы күтіледі Фото: canva.com

Ал Солтүстікте, солтүстік-батыста тұман түседі, оңтүстікте шаңды дауыл соғады.

Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Ақтөбе облысында, Атыраудың батысында, оңтүстігінде, шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Маңғыстаудың батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі бар.

Батыс Қазақстан облысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстік-батысында, шығысында төтенше өрт қаупі бар.

Алматы облысының солтүстік жартысында төтенше өрт қаупі сақталады. Жетісу облысында жоғары өрт қаупі бар.

Ұлытау, Абай, Шығыс Қазақстан облыстарында, Қарағанды ​​облысының орталығында өрт қаупі жоғары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу