Бүгін еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады. Кей өңірлерде жаңбыр мен найзағай күтіледі, екпінді жел соғады, оңтүстікте шаңды дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін, ал батыста жауын-шашынсыз өтеді. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК хабарлады.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде таңертең және күндіз 15-20 м/с-пен соққан желдің екпіні 23-28 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей аумағында жел 15-20 м/с күшейіп, бұршақ болуы ықтимал. Павлодар облысында, күндіз Алматы облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-22 м/с артады. Қызылорда облысының кей жерлерінде 15-20 м/с екпінді желге шаңды дауыл қосылады, күндіз бұршақ түсуі мүмкін. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Күндіз Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі күтіледі.