Еліміздің басым бөлігінде күн ыстық болады

844

Еліміздің басым бөлігінде күн ыстық болады

Қазақстанның кей жерлерінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі.
Тіпті найзағайлы жаңбыр жауады және жел күшейеді. Оңтүстікте шаңды дауыл болуы мүмкін. Ал еліміздің оңтүстік-шығысы мен орталығында аптап ыстық болады. Оңтүстік-батыста жауын-шашын жоқ. СҚО мен Ақмола және Павлодар облыстарында жел күшейіп, бұршақ жаууы ықтимал. Қарағанды облысында жел екпіні 15-20 м/с-ге дейін жетеді. Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. ОҚО мен Қызылорда, Жамбыл, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында аптап ыстыққа байланысты өрт қаупі сақталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу