Түнде Қостанай облысының солтүстігінде, батысында найзағай ойнайды деп күтіледі.
Қарағанды облысының оңтүстігінде солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Ұлытау облысының орталығында, солтүстігінде күндіз найзағай ойнайды. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с жылдамдықпен шығыстан жел соғады деп күтіледі. Жезқазғанда күндіз найзағай ойнап, күн райы құбылмалы болады.
Маңғыстау облысының орталығында, шығысында найзағай ойнайды. Күндіз облыстың батысында, орталығында шаңды дауыл тұрады, күндіз облыстың батысында, орталығында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Ақтауда күндіз шаңды дауыл болады. Күндіз солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.
Түнде Түркістан облысының таулы аудандары мен тау бөктерінде, күндіз өңірдің батысында, оңтүстігінде, таулы ауданы мен тау бөктерінде найзағай ойнап, дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні - 15-20 м/с. Шымкентте таңертең және түстен кейін найзағай ойнап, жел соғады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні 15-20 м/с құрайды. Түркістанда оңтүстік-батыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.
Түнде Батыс Қазақстан облысының батысында, күндіз солтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнап, күн райы құбылмалы болады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Оралда күндіз найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 18 м/с.
Күндіз Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында найзағай ойнайды. Күндіз облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Күндіз Атырауда найзағай ойнап, күн райы бұзылады. Күндіз шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні - 15-18 м/с.
Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, күн райы бұзылады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Петропавлда түнде солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Таңертең және түстен кейін Қостанай облысының солтүстігінде найзағай ойнап, күн райы бұзылады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.
Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде солтүстік-батыстан, солтүстіктен 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Күндіз Алматы облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, күн райы бұзылады, соққан желдің найзағай кезіндегі екпінді 18 м/с болады деп күтіледі.