Еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі

135

"Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі 2024 жылы 5 қарашада, сейсенбіде Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты. 

Еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі Фото: freepik.com

Республикамыздың басым бөлігінде қатты жаңбыр жауып, кей өңірлерде оның арты қарға ұласады. Сондай-ақ, көктайғақ болады деп күтіледі, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Еліміздің батысында қатты жауын-шашын, оңтүстік аймақтарда жаңбыр, оңтүстік-батыста, оңтүстікте қатты жаңбыр жауады деп болжанады", деп нақтылайды метеорологтар.

Қазақстан бойынша тұман, желдің күшеюі ортақ табиғи құбылыс ретінде сипат алады, ал батыста жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі.

"Күндіз еліміздің батысында, Маңғыстау облысының орталығында секундына 30 метр немесе одан да көп жылдамдықпен қатты жел соғады", делінген "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметінен. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу