Атлантика циклоны Қазақстанның батысынан шығысына ауысады. Осыған байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.
Жауын-шашын жауады, жаяу бұрқасын, екпінді жел және көктайғақ болады. Еліміздің оңтүстігінде күн жаңбырлы.
7-9 наурыз аралығында шығыста, 7 наурызда солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта, 8 наурызда оңтүстікте, 8-9 наурызда еліміздің оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын жауады.
Тек 8-9 наурызда батыста, 9 наурызда еліміздің орталығында жауын-шашын тоқтайды.
Республика бойынша тұман түседі.
9 наурызға қарай еліміздің солтүстік, орталық, шығыс өңірлерінде түнгі уақытта температура 7-17 градус аязға дейін, оңтүстік өңірлерде түнде 5 аяз - 5 жылыға дейін, күндіз 5-12 жылыға дейін төмендейді.