Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

208

Синоптиктер нөсер жаңбыр, бұршақ, дауыл, тұман және аптап ыстық болатынын ескертті.  

Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды Фото: buqara.kz

1 шілдеде Қазақстанның көптеген өңірінде қолайсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

 Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қызылорда, Абай, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ұлытау, Алматы, Жетісу, Түркістан және Жамбыл облыстарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл, тұман және шаңды дауыл болжанып отыр.

Қатты жаңбыр Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қызылорда, Алматы және Жетісу облыстарының жекелеген аудандарында күтіледі. Ал тұман Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында байқалады. Алматы облысының солтүстігі мен орталығында шаңды дауыл соғуы ықтимал.

Сондай-ақ Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қызылорда, Абай, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ұлытау, Алматы, Жетісу, Түркістан және Жамбыл облыстарында желдің екпіні 15–28 м/с-қа дейін күшейеді.

Бұдан бөлек, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында күндіз ауа температурасы 35–37 градусқа дейін көтеріліп, аптап ыстық болады. Елдің бірқатар өңірінде жоғары және төтенше өрт қаупі де сақталады.

Мамандар тұрғындарды ауа райы болжамын ескеріп, қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу