Қазгидрометтің болжамы бойынша атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ төгуі мүмкін.
Оңтүстікте шаңды дауыл тұрады. Республиканың батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Қарағанды облысының кей жерлерінде 15-20 м/с жел тұрып, екпіні 25 м/с дейін күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман болады. Павлодар облысында түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде жылдамдығы 17-22 м/с тұрады. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман болып, жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жылдамдығы 15-20 м/с жел тұрып, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрып, жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі күтіледі.