Еліміздің батыс бөлігіне басып кірген "қарсыласқа" 130-дан аса әуе көлігі тойтарыс берді

1093

"Батыс" өңірлік қолбасшылығы өзге өңірлерден жедел қолдау алып, 5 мыңнан аса әскерден біріккен жасақ құрады.

Еліміздің батыс бөлігіне басып кірген "қарсыласқа" 130-дан аса әуе көлігі тойтарыс берді

Маңғыстауда "Батыс-2018" командалық-штабтық оқу-жаттығуы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды "Хабар 24".

Ол "Оймаша" полигонында 17 қыркүйекте басталып, он күнге созылды. Шара сценариі бойынша қаруланған шартты қарсылас еліміздің батыс бөлігіне басып кіріп, мұндағы тұрақтылықты бұзуға күш салады. Алайда "Батыс" өңірлік қолбасшылығы өзге өңірлерден жедел қолдау алып, 5 мыңнан аса әскерден біріккен жасақ құрады. Әскери полиция коменданттық қызметті ұйымдастырды, ал өңірдегі айрықша маңызды нысандарды Маңғыстау облысының аумақтық қорғаныс бригадасы қарауылдады. Қарсыластың бетін қайтаруға әуеден 60-тан аса тікұшақ пен 70-тен аса ұшақ қолдау көрсетті. Арнайы тапсырмаларды Ұлттық ұлан мен Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің бөлімшелері орындады.

"Жаттығулардың барысында алғаш рет бірлескен жауынгерлік құрылымдар әскерлері қатысып, 5 мың шаршы шақырым көлемінде барлау және іздестіру қимылдарын атқарып, барлық жауынгерлік мақсаттарды және тапсырмаларды орындады. Осындай жаттығулардың нәтижесінде көптеген түрлі әскери түрлерінің өкілдері сарбаздары бірлесіп, олардың алдына қойлыған жауынгерлік тапсырмаларды нәтижелі орындады", - дейді ҚР қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу