Еліміздің батыс өңірлерінде 700-ге жуық мұғалім жетіспейді

604

Батыс өңірлердегі мұғалім тапшылығы мәселесін шешу үшін арнайы бағдарлама әзірленді, деп хабарлайды inbusiness.kz "Хабар 24"-ке сілтеме жасап.    

Еліміздің батыс өңірлерінде 700-ге жуық мұғалім жетіспейді Фото: caspianlife.kz

Соның бір нәтижесі - Маңғыстау облысына орыс тілінен сабақ беретін 9 мұғалім келген. Әлі 20-дан аса ұстаз керек. Бағдарлама аясында ұстаздардың жалақысына 250% үстемақы қосылады. Бұдан бөлек баспана жалдауға мүмкіндік жасалып отыр.

"Тиімді шарттар кадр тапшылығы мәселесін біртіндеп шешуге септеседі", - деп санайды мамандар.

Атырау облысында жалпы саны 12 мыңнан аса педагог бар. Өңірде соңғы жылдары аймақ әкімінің грантымен білім алған 178 жас маман мектепке орналасты. Бірақ, сонда да 650 мұғалімнің орны бос тұр.

Ақтөбе өңірінде де кадр тапшы, 40-тан аса маман керек. Әсіресе ауылдарда физика-химия, математика және ағылшын тілі пәні мұғалімдері жетіспейді. Жауаптылар мәселені шешу үшін жоғары оқу орындарымен әріптестік байланысты күшейткен. Ендігі кезекте жергілікті бюджеттен тағайындалған грант иегерлері оқу бітірген соң ауылға барып, 3 жыл қызмет етуге міндетті. Жоба аясында биыл 16 түлек жолдама алған. Келер жылы 23 жас маман шалғайдағы елді мекенде еңбек жолын бастауы тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу