Еліміздің батысында балалардың жүрегіне ота жасайтын жалғыз ғана маман бар

835

Хирург сәл демалып, шетелге тәжірибе жинауға баруға да уақыт таппай жүр.

Еліміздің батысында балалардың жүрегіне ота жасайтын жалғыз ғана маман бар

Қазақстанның батыс өңірлерінде балалардың жүрегіне ота жасайтын жалғыз ғана маман бар, деп хабарлайды aktobenews.kz.

"Австралия мені жұмыс істеуге шақырып отыр. Біліктілігімді жетілдіріп, өзімді шыңдағым келеді. Бірақ кардиохирургияны кімге мирас етіп кететінімді білмеймін. Мен өз ісімді жақсы көремін. Баланың жүрегі – өте нәзік мүше. Ал бала – әрбір ата-ана үшін баға жетпес байлық. Сондықтан барлық отаны өзім жасаймын, басқа адамға тапсыра алмаймын. Тіпті түнгі кезекшіліктен шығып, шаршап отырсам да таңертең әр баланың және ата-анасының жағдайын жеке өзім біліп шығамын", — дейді кардиохирург Әнуар Досмағанбетов.

Ақтөбелік дәрігер Әнуар Досмағанбетов 2009 жылдан бері облыстық балалар ауруханасының балалар кардиохирургиясы бөлімін басқарып келеді. 10 жыл бұрын университеттің жалпы хирургия мамандығын бітірген ол балаларды емдеуге машықтанды, Голландия, Чехия мен Австралияда кәсіби біліктілігін шыңдаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу