Еліміздің батысында жаңа шекара қоршаулары орнатылып жатыр

4179

Шекарадағы қоршауларды қазақстандық әскерилер орнатуда.  

Еліміздің батысында жаңа шекара қоршаулары орнатылып жатыр

Қазақстан мен Ресей шекарасында қоршау орнату жұмысы жүріп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы.

Қоршаулар Атырау және Астрахан (Ресей) облыстарының шекарасында орнатылуда.

"2021 жылдың 14 сәуірінде Құрманғазы ауданының Көптоғай ауылында Қазақстан мен Ресей шекарасында жаңа шекаралық қоршау салу жұмыстары басталды", - деп жазылды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі таратқан хабарламада.

2005 жылдың 18 қаңтарында Мәскеуде қол қойылған "Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы туралы келісімі" бойынша қос мемлекет арасында шекара белдеуі орнатылып жатыр. Алайда демаркациялық жұмыстар әлі аяқталмаған.

Шекара аумағында жаңа қоршаулар тұрғызу жұмыстарын "2016" әскери бөлімі жүргізуде.

"14 сәуірде шекарашылар құрылыс жұмыстарына кірісті. Қоршауларды орнатпас бұрын әкімдік,  шекара қызметі мен құқық қорғау органдарының өкілдері Көптоғай ауылының тұрғындарымен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді", -деді Құрманғазы ауданының әкімі Марат Мұрзиев.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу