Еліміздің бес облысында республикалық жолдар жабылды

472

Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Еліміздің бес облысында республикалық жолдар жабылды Фото: canva.com

Ауа райының қолайсыздығына байланысты 5 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 5 учаскесінде көлік құралдарының барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.

Жамбыл облысында - 1 учаске

1. "Алматы-Ташкент-Термез" 159-238 км, Кенен а. - Қайнар а. (қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады) – 79 км. (тұман, шектеулі көрініс, жел)

Жетісу облысында - 1 учаске

1. "Үшарал-Достық" 84-184 км, Көктұма ст. - Достық ст. – 100 км. (боран, шектеулі көрініс)

Қарағанды облысыда - 1 учаске

1. "Екатеринбург-Алматы, Солтүстік-Шығыс айналма жолы" 0-16 км, Пришахтинск а. - Новостройка а. – 16 км. (қар, боран, шектеулі көрініс)

Қостанай облысында - 1 учаске

1. "Жезқазған-Петропавл" 252-335 км, Ұлытау обл.шек. - Арқалық қ.- 83 км. (Ұлытау облысындағы ауа райының нашарлауына байланысты)

Ұлытау облысында - 1 учаске

1. "Жезқазған-Петропавл" 137-252 км, Ұлытау к.- Қостанай обл.шек. – 115 км. (боран, шектеулі көрініс)

Республикалық маңызы бар автожолдарда 337 бірлік техника және 457 адам жұмылдырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу