Еліміздің бес облысында жаңа көліктерге сұраныс жоғары

906

Оңтүстік өңірлерде жағдай өзгеше.

Еліміздің бес облысында жаңа көліктерге сұраныс жоғары

2022 жылдың қаңтарында республиканың бес облысында жаңа көліктерге сұраныс қайталама нарықтағы көліктерге қарағанда жоғары болды, деп жазды inbusiness.kz.

Мәселен, Нұр-Сұлтанда 3 жылға дейінгі 2 339 автокөлік және 20 жылдан асқан 2 006 автокөлік тіркелген.

Ал Қостанай облысында бұл көрсеткіштер сәйкесінше 614 және 461 автокөлікті құрады. Ақтөбеде – 485 және 48 көлік, яғни айырмашылық 10 есе. Атырауда – 589 және 316 авто болса,  Батыс Қазақстанда – 3 жылға дейінгі 698 көлік, ал 20 жылдан асқан 16 авто тіркелген. Мұнда да айырмашылық 43,6 есе жоғары. БҚО-да 3 жылға дейін тізгінделген автокөліктердің жалпы тіркеу көлеміндегі үлесі 34,6%-ды, Нұр-Сұлтанда – 31%-ды, Атырау облысында – 28,3%-ды құрады.

Бұл ретте республика бойынша орташа көрсеткіш 18% шамасында. 

Егер солтүстік-батыс аймақтарда жаңа көліктердің үлесі артып жатса, онда оңтүстікте жағдай керісінше. 2021 жылдың қаңтарымен салыстырғанда Алматы облысында мұндай көліктің үлесі 6,4%-дан 4,6%-ға төмендеді. Түркістан облысында жаңа көліктерге сұраныс 8,2%-дан 8%-ға дейін, Алматыда 17%-дан 15,9%-ға дейін азайды. Шығыс Қазақстан облысында көрсеткіш 12,4%-дан 10,4%-ға төмендеді.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу