Еліміздің бес өңірінде ауа райы құбылады

729

Жалпы ескертулердің ықтималдығы 90-95 %.  

Еліміздің бес өңірінде ауа райы құбылады

Қазақстанның бес өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет.

19 маусымда Ақмола облысында солтүстіктен жел соғып, жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді. Түнде және таңертең кей жерлерде найзағай ойнап, тұман түседі. Өрт тұтану қаупі бар. Ескертудің ықтималдығы 85-90 %.

19-20 маусымда Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстіктен соққан желдің бағыты солтүстік-батысқа ауысып, жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді.

19-20 маусым күндіз Петропавл қаласында солтүстіктен соққан желдің бағыты оңтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15-20 м/с болуы ықтимал. Ескертудің ықтималдығы 90-95 %.

19 маусымда Қостанай облысында және Қостанай қаласында күн күркіреп, тұман түседі. Солтүстіктен жел соғып, күші 15-20 м/с-ке жетеді. Ескертудің ықтималдығы 90-95 %.

19 маусым күндіз Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан соққан желдің бағыты батысқа ауысып, екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Қызылорда қаласында батыстан күші 15 м/с болатын жел соғады.

19 маусым күндіз Атырау облысының кей жерлерінде және Атырау қаласында 35-36 градус апатап ыстық болады. Өрт қаупі – V деңгейде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу