Еліміздің білекті ұл-қыздары Бурабайда бас қосты

865

Еліміздің білекті ұл-қыздары Бурабайда бас қосты

Қазақстанның білекті қыз-жігіттері Бурабайда бас қосты. Көкшенің керемет табиғаты аясында қол күрестен Қазақстанның кезекті біріншілігі өтіп, еліміздің барлық аймағынан жиналған мықтылар өзара бәсеке көрігін қыздырды, деп хабарлайды 24.kz.

Жігіттер 11 салмақта сайысқа түссе, қыздар 7 салмақтың жеңімпаздарын анықтады. Бурабайдағы біріншілік әлем және Азия чемпионаты алдындағы іріктеу жарысы болғандықтан, әр жекпе-жек тартысқа толы болды.

Ерлер арасындағы сынға 250 спортшы қатысса, бұрымдылар жарысына 120 қыз келіпті. Сайыс барысында оң қолмен күресетін Александр Кобесов пен Элдар Молдахметов, Заир Ахметов, Нұрсұлтан Ергешов өз салмақтарында ел чемпионы атанды. Андрей Степанчук пен Александр Гетало да біріншілікте топ жарды.

Көпшіліктің назарын аударған білектілер бәсекесі аса ауыр салмақта өтті. Сол қолмен сынға түскен алыптар жарысында астаналық Георгий Дзеранов қарсыластарын түгел жықты. Ел чемпионатында 20 жасар Рүстембек Талғатбектің де мерейі үстем болды. Оңтүстік қазақстан облысының спортшысы енді Қырғызстанда өтетін Азия біріншілігі мен дүниежүзілік жарыста бақ сынайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу