Еліміздің бірқатар аймағында қар аралас жаңбыр жауады

818

Еліміздің бірқатар аймағында қар аралас жаңбыр жауады

Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы нөлден төмендеп, қар жауады деп күтілуде, деп хабарлайды 24kz.

Синоптиктер еліміздегі 9-11 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынады.

"Батыс тропосфералық ағымдар ақырындап солтүстік-батыс және батыс жаққа қарай ауысады. Сондықтан алдағы үш тәулікте арктикалық фронттардың әсерінен республика облыстарының басым бөлігінде жаңбыр жауып, ол қарға ұласып, ауа температурасы 0°С-ден төмендейді", - делінген хабарламада.  

Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында күн суытып үлгерді. Қазір онда жаңбыр жаууы мүмкін. Алайда жаңбырдың қарға ұласуы тек таулы аудандарда күтіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу