Еліміздің 7 өңірінде жоғары өрт қаупі сақталады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктер әсер етеді. Шығыста жаңбыр жауады. Қарағанды, Абай, Жетісу облыстарында түнгі уақытта жауын-шашын, шығыста, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жауын-шашын болады. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі, найзағай, оңтүстік-шығыста-бұршақ, дауыл, оңтүстік-батыста шаңды дауыл, солтүстік-батыста тұман болуы ықтимал", - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.
Оның дерегінше, түнде Қарағанды облысының шығысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, батысында, солтүстігінде, шығысында Абай облысында 1-3 градус үсік жүруі күтіледі. Маңғыстау облысының басым бөлігінде, Атыраудың оңтүстік, шығысында, батысында, оңтүстігінде, Қызылорда қаласының орталығында, Түркістан облысының солтүстігінде, Абай облысының оңтүстігінде, Қарағанды, Ақтөбе облыстарының оңтүстігінде өрт қаупі жоғары болады.