Еліміздің бірқатар аймағындар жолдар жабылды

952

Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарды қарын аршуға 616 техника жұмылдырылған.  

Еліміздің бірқатар аймағындар жолдар жабылды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты елімізде бірқатар автожолда көлік қозғалысына уақытша шектеу сол күйінде қалды, деп хабарлайды "ҚазАвтоЖол" компаниясының баспасөз қызметі.

1. "Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті" жолының 16-200 шақырымы, Нұр-Сұлтан қаласы мен Павлодар облысының шекарасы аралығы.

 2. "Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті" жолыныің 200-242 шақырымы, Ақмола облысының шекарасы мен Бозшакөл ауылы аралығы.

3. "Қызылорда-Павлодар" жолының 1066-1135 шақырымы, "Молодежный" ауылы мен Павлодар облысының шекарасы аралығы.

 4."Қызылорда-Павлодар" жолының 1135-1367 шақырымы, Қарағанды облысының шекарасы мен Павлодар қаласының аралығы.

 "ҚазАвтоЖол" компаниясы жүргізушілерге жол ережесін сақтау, рұқсат етілген жылдамдықты асырмау, қауіпсіз арақашықтықты сақтау қажеттілігі туралы ескертеді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу