Еліміздің бірқатар аймақтарында қар қоры көпжылдық көрсеткіштен жоғары

466

Төтенше жағдайлар министрлігі "Қазгидромет" РМК ЭТРМ ұсынған деректер негізінде қауіпті гидрометеорологиялық құбылыстарға болжам жасады.  

Еліміздің бірқатар аймақтарында қар қоры көпжылдық көрсеткіштен жоғары Фото: Ntime.kz

"2023 жылғы 1 ақпандағы қар өлшеуіш маршруттарының деректері бойынша елдің таулы бөлігінде қар қоры бойынша жағдай былайша қалыптасты. Орташа көпжылдық мәндерден жоғары: Бұқтырма және Шүлбі су қоймаларының аймақтарында, сондай-ақ Ертіс өзенінің сол жағалауындағы салаларында және ШҚО мен Абай облыстарындағы Тарбағатай жотасының оңтүстік-батыс беткейлерінде 33-80%; Жетісу облысындағы Жетісу Алатауы өзендерінің бассейндерінде 39%; Түркістан және Жамбыл облыстарындағы Қаратау жотасының оңтүстік-батыс және солтүстік-шығыс беткейлерінің бассейндеріндегі өзен бассейндерінде 13-29%", – деп хабарлады ТЖМ.

Іле Алатауының солтүстік және оңтүстік беткейлері өзендерінің бассейндерінде, сондай-ақ Алматы облысындағы Кетмен жотасының солтүстік беткейінде орташа көпжылдық мәндер шегінде.

Түркістан және Жамбыл облыстарының тауларындағы орташа көпжылдық мәндерден төмен.

"2022 жылғы 1 қараша мен 2023 жылғы 20 ақпан аралығында таулы және тау бөктеріндегі өзендер бассейндерінде орналасқан метеостанциялардың мәліметтері бойынша нормадан асатын көп мөлшерлі жауын-шашын түсті", – деп жазылған Сенат отырысында ұсынылған деректерде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу