Осылайша, "Ақтөбе" ФК трансляцияны бұзған және матч кезінде пиротехникалық заттарды қолданған көрермендердің жөнсіз әрекеті үшін 100 АЕК немесе 345 мың теңге айыппұл төлейтін болды.
Көрермендер "Жетісу-Тобыл" матчының ресми өкілдеріне балағат сөздер айтқандықтан, "Жетісу" ФК (олардың жанкүйерлері болған көрінеді) 100 АЕК немесе 345 мың теңге айыппұл төлеуі тиіс.
"Каспий" ХФК матч кезінде "Рахмет" командасының қақпашысына бөгде заттарды лақтырған көрермендері үшін 50 АЕК немесе 172 500 теңге айыппұл төлейді.
Аталған клубтар айыппұлды 2023 жылдың 6 мамырына дейін төлеуі керек.