- Атырау облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысынан, солтүстігінен және батысынан солтүстік-батысқа ауысады, екпіні - 15-20 м/с. Атырауда түнде және таңертең тұман түседі.
- Қостанай облысының оңтүстік-шығысында таңертең және күндіз көктайғақ болады. Облыстың батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Облыстың солтүстік-шығысында оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғады.
- Батыс Қазақстан облысының батысында және солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі.
- Астанада күндіз оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15 м/с дейін жетеді. Жолдарда көктайғақ бар.
- Ұлытау облысының батысы мен солтүстігінде шығыстан соғатын желдің екпіні 18 м/с болуы мүмкін.
- Ақмола облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Жолдарда көктайғақ болады деп күтілуде. Күндіз оңтүстік-шығыстан соғатын жел облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында байқалады, екпіні 23 м/с. Көкшетауда жолдарда көктайғақ күтіледі.
- Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз облыстың оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
- Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен оңтүстігінде тұман түседі.
- Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында тұман түседі.
- Түнде Павлодар облысының оңтүстігі мен шығысында тұман түседі.
- Маңғыстау облысының батысында және солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысы мен оңтүстігінен солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с. Ақтауда түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу