Тропосферада (шамамен 5 км биіктікте) орныққан, оңтүстік-батыс ағынымен, Қазақстанға Жерорта теңізінен жылу мен ылғалға бай ауа массасы келіп жатыр. Бақыланып отырған ауа температурасы осыларға байланысты, ол климаттық нормадан 8-15ºС жоғары. Міне, осы жексенбі күндері де желдің бағыты өзгермейді, бұл температураның нормадан жоғары болуын сақтайды, сондай-ақ республиканың батыс және солтүстік облыстарында кей жерлерге қар жауып, боран соғып, көктайғақ болады, деп хабарлады Қазгидромет.
Қазақстанның қалған аумағында жоғары атмосфералық қысым өрісінің ықпалынан жауын-шашын болмайды, түнгі және таңғы сағаттарда тұман басып, көктайғақ болады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу