Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

1047

Ескертудің ықтималдығы 80-100%.  

Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазақстанның бірқатар өңірінде ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Нұр-Сұлтанда 6 мамыр күні түнде -2 градус суық болады деп күтілуде.

Ақмола облысында 6 мамыр түнде кей жерлерде -3 градус аяз болады. Көкшетауда 6 мамыр түнде 1 градус суық болады.

Алматы облысы мен Талдықорғанда 6 мамырда солтүстік-шығыстан жел соғып, кей жерлерде екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Түркістан облысында 5-6 мамыр күндері таулы аудандарда нөсер жаңбыр жауып, соның салдарынан Түркістан облысында өзендердің су деңгейі көтерілуі мүмкін. Кей жерлерде найзағай ойнып, бұршақ жаууы ықтимал. Шығыс бағыттан жел соғып, екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Шымкентте 6 мамыр күні түнде және таңертең күн күркіреп, күшті жел соғады.

6 мамыр күні Түркістан қаласында шығыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Павлодар облысында 6 мамыр түнде 1-6 градус аяз болуы ықтимал.

Атырау облысында 6 мамыр күні күн күркірейді. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғып, түнде кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді. Атырауда 6 мамыр күндіз шығыс, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу