Еліміздің бірқатар өңірінде боран соғып, жауын жауады

938

Дауылды ескертудің ықтималдылығы 90-100%.  

 Еліміздің бірқатар өңірінде боран соғып, жауын жауады

Ертең Қазақстанның бірнеше облыстарында ауа райы бұзылады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

1 мамырда Ақмола облысында кей жерлерде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с. Түнде кей жерлерде топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі.

Нұр-Сұлтан қ.: 1 мамырда оңтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15-18 м/с.

Көкшетау қ.: 1 мамырда оңтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с.

01 мамырда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші кей жерлерінде 15-20 м/с күтіледі.

Қостанай қ: 01 мамырда оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

1 мамырда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 күтіледі.

Петропавл қ: 1 мамырда найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 күтіледі.

1 мамырда таңертең және күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі.

1 мамырда Павлодар облысында батыс желі түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде 15-20, кей жерлерде 25 м/с күтіледі. Павлодар қаласы: күндіз 01 мамырда жел батыстан екпіні 18 м/с күтіледі.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу