Еліміздің бірқатар өңірінде дабылды ескерту жарияланды

878

Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95%.

Еліміздің бірқатар өңірінде дабылды ескерту жарияланды

19-21 тамызда Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Күндіз 19, тәулік бойы 20-21 тамызда дауыл, бұршақ күтіледі, солтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, күші 15-20 м/с. Түнде және таңертең 20-21 тамызда кей жерлерінде тұман күтіледі.

Нұр-Сұлтан қ: таңертең және күндіз 19, тәулік бойы 20-21 тамызда найзағай күтіледі. Таңертен және күндіз 19, тәулік бойы 21 тамызда бұршақ болады.

Күндіз 19 тамызда Қостанай облысында кей жерлерінде найзағай, 35 градус қатты ыстық күтіледі.

19 тамызда Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және тәңертең кей жерлерде тұман күтіледі.

19-21 тамызда Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл, солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.

Күндіз 19 тамызда Батыс Қазақстан облысында 31-36°С қатты ыстық күтіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу