Еліміздің басым аумағында жауын-шашын түседі, тек оңтүстік-батыс пен оңтүстік-шығыста күн ашық.
"Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін барады", - деп жазады Baq.kz.
Қазгидрометтің ақпаратынша, Ақмола, Қостанай, Жамбыл, Атырау облыстарында – тұман, көктайғақ. Маңғыстау, Павлодар, таңертең Қарағанды облыстарының кейбір аудандарында тұман түседі. Солтүстік Қазақстан облысының кей аудандарында көктайғақ болады. Шығыс Қазақстан облысында тұман, көктайғақ, бұрқасындатады, күндіз жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман байқалады, таңертең және күндіз жел тұрады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу