Еліміздің бірқатар өңірінде жолдар жабылды

883

Еліміздің бірқатар өңірінде жолдар жабылды

Астанада және Қазақстанның төрт облысында жолдар жабылды, деп хабарлайды "Қазавтожол" РМК.

Астанада сағат 14:00-ден бастап ауа райының қолайсыздығына байланысты (аяз, бұрқасын, жол көрінісінің нашарлауы) республикалық маңызы бар "Астана-Қарағанды" тасжолына қоғамдық және жүк көліктері үшін шектеу қойылды.

Алматы облысында сағат 13:30-дан бастап ауа райының нашарлауы (бұрқасын, жолдың көрінбеуі) салдарынан "Үшарал-Достық" автожолында (83-184 шақырым аралығы) барлық көлік түрлерінің жолға шығуына тыйым салынды.

Сол секілді Шығыс Қазақстан облысында сағат 11:00-де "Өскемен-Семей" жолында (154-198 шақырым аралығы, Шүлбі ауылынан Семей қаласына дейін) барлық көлік түрлеріне шектеу бар. Ал, сағат 12:10-нан бастап ауа райының қолайсыздығына байланысты "Семей-Қайнар" жолының 8-266 шақырымы барлық көлік түрлері үшін жабық.

Сағат 12:20-дан бастап республикалық маңызы бар "Алматы - Өскемен" автожолының 977-1048 шақырымындағы Қалбатау ауылынан Ұлан кентіне дейінгі бөлігінде де қатты боран көлік қоғалысына тосқауыл болды.

Қарағанды облысында сағат 13:00-де ауа райының нашарлауы (бұрқасын, жол көрінісінің шектелуі) салдарынан барлық бағыттағы көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды.

Павлодар облысында сағат 14:00-ден бастап ауа райының қолайсыздығы салдарынан (бұрқасын, жолдың көрінбеуі) республикалық маңызы бар "Павлодар-Шарбақтыдан РФ шекарасына дейін" (0-111), "Қызылорда-Павлодар" жолы (1135-1206 км., Шідерті кентінен - Қарағанды облысының шекарасына дейін" барлық көліктер үшін жабылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу