Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

221

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 4 сәуірде елдің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды Фото: mchsri.ru

Қызылорда облысыныңбатысында, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күші – 15-20, күндіз облыстың орталығында екпін 25 м/с күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында – 15-20, күндіз екпіні – 23 м/с.

Абай облысыныңбатысында, солтүстігінде найзағай, облыстың батысында, солтүстігнде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында – 15-20 м/с, күндіз екпіні – 23-28 м/с.

Жетісу облысында оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауыспалы жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында екпіні – 15-20, Алакөл көлдері ауданында кей уақыттарда 23-28 м/с күтіледі.

Ақтөбе облысындасолтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-18 м/с күтіледі.

Түркістан облысыныңсолтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, облыстың солтүстігінде, батысында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында және таулы аудандарында – 15-20, кей уақыттарда екпіні – 23-28 м/с.

Шымкентте күннің соңында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз – 15-20, екпіні – 23 м/с.

Астанада оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, кей уақыттарда екпіні – 15-20 м/с.

Павлодар облысыныңсолтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз күші – 15-20, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Қостанай облысындатүнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың оңтүстігінде кей уақыттарда қатты жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында – 15-20 м/с, күндіз екпіні – 15-20 м/с.

Ақмола облысыныңбатысында, солтүстігінде, орталығында кей уақыттарда қатты жаңбыр, облыстың оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні – 15-20 м/с, күндіз – 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Маңғыстау облысыныңбатысында, солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың орталығында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с күтіледі.

Алматы облысындаоңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында, таулы аудандарында екпіні – 15-20, кей уақытта – 25 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысындакүндіз оңтүстігінде, шығысында кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші – 15-20, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні – 23-28 м/с.

Жамбыл облысыныңтаулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында – 15-20 м/с, таңертең және күндіз екпіні – 23-28 м/с күтіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу