Еліміздің бірнеше облысында -25° градус аяз болады

1017

Еліміздің бірнеше облысында ауа райының бұзылып, аяз болады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.  

 Еліміздің бірнеше облысында -25° градус аяз болады

Атап айтқанда, 17 қарашада күндіз Қостанай облысының басым бөлігінде қар, тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші облыстың солтүстік-батысында 15-20 м/с жетеді.

17 қарашада Қарағанды облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында, 18 қарашада басым бөлігінде қар жауады, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. 17 қарашада облыстың батысында, солтүстігінде тұман болжанады, күндіз облыстың оңтүстігінде желдің екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан жоғары көтеріледі. 19 қарашада ауа температурасы түнде -17°/-22° төмендейді.

17 қарашада күндіз Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстік-шығысында көбінесе қар түрінде қатты жауын-шашын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысып, күндіз екпіні 25 м/с жетеді. 18 қарашада қар жауады, түнде облыстың солтүстігінде қар қатты жауатыны күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, солтүстік-шығысында бұрқасын болады. Желдің күші 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан жоғары артады. 19 қарашада ауа температурасы түнде -17°/-22°, солтүстік-шығыста -25°, күндіз -13°/-18°, солтүстік-шығыста -22° градус аязға дейін күрт төмендейді.

Күндіз 17 қарашада Ақтөбе облысында облыстың солтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Желдің жылдамдығы – 15-20 м/с.

17 қарашада Ақмола облысының солтүстігінде, батысында тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-батысында күші 15-20 м/с артады.

17 қарашада Алматы қаласында күндіз қар және жаңбыр түрінде жауын-шашын болады. Күндіз 17 қарашада – тәулік бойы, 18 қарашада кей уақытта тұман, көктайғақ болжанады.

17 қарашада күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында тұман, көктайғақ күтіледі.

17 қарашада Қызылорда облысының орталығында және шығысында көктайғақ, бұрқасын болады. Желдің екпіні – 15-20 м/с.

17 қарашада күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында жаяу бұрқасын болады. Облыстың оңтүстік-шығысында түнде және таңертен тұман болжанады. Желдің жылдамдығы 25 м/с жетеді.

17 қарашада Павлодар облысының солтүстігінде, батысында тұман күтіледі.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу