Қостанай облысының солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Қызылорда облысында жел шығыстан, солтүстік шығыстан соғады, күші түнде 15-20, облыс орталығында 25 м/с, күндіз облыс орталығында 15-20 м/с жетеді.
Қарағанды облысының оңтүстігінде шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
29 қараша түнде Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Облыстың солтүстігінде солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с жетеді.
Алматы қаласында түнде тұман түседі
Түнде Абай облысының шығысында 40 градус қатты аяз күтіледі.
Ұлытау облысының оңтүстігінде шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында 43 градус қатты аяз сақталады.
Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі.
Шымкент қаласында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с жетеді.