Еліміздің бірнеше өңірінде тасжолдар жабылды

88

Ауа райына байланысты көліктің барлық түріне шектеу қойылды.    

Еліміздің бірнеше өңірінде тасжолдар жабылды Фото: Inbusiness.kz

Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты тасжолдар жабылып, көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "ҚазАвтоЖол"-ға сілтеме жасап.

"ҚазАвтоЖол" ауа райының нашарлауына байланысты көліктің барлық түріне келесі республикалық автожол учаскелерінде шектеу қойылды:

Абай облысы:

  • "Өскемен-Семей" автожолының 103-198 шақырым аралығы (ШҚО шекарасы – Семей қаласы).

Шығыс Қазақстан облысы:

  • "Өскемен-Семей" автожолының 10-103 шақырым аралығы (Герасимовка ауылы – Абай облысының шекарасы).

Жолды 2025 жылғы 10 наурыз сағат 08:00-де ашу жоспарланған.

Жетісу облысы:

  • "Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы" автожолының 124-254 шақырым аралығындағы учаскесінде (Алматы облысы шекарасынан Талдықорған қаласына дейін) көліктің барлық түріне шектеу қойылды.

Жолды 2025 жылғы 10 наурыз сағат 08:30-да ашу жоспарланған.

Алматы облысы:

  • "Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы" автожолының 178-124 шақырым аралығындағы учаскесінде (Қонаев қаласынан Жетісу облысы шекарасына дейін) көліктің барлық түріне шектеу қойылды.

Жолды 2025 жылғы 10 наурыз сағат 08:30-да ашу жоспарланған.

Шығыс Қазақстан облысы:

  • Ауа райының бұзылуына байланысты "Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы" автожолының 1194-1212 шақырым аралығындағы учаскесінде (Шемонаиха қаласынан РФ шекарасына дейін) көліктің барлық түріне шектеу қойылды.

Жолды 2025 жылғы 10 наурыз сағат 08:00-де ашу жоспарланған.

  • Алматы облысында 10 наурыз сағат 01:00-де ауа райының бұзылуына байланысты "Көкпек - Кеген - Қырғыз Республикасы шекарасы" автожолының 0-72 шақырым аралығындағы учаскесінде (Көкпек ауылы - Кеген ауылы) көліктің барлық түріне шектеу қойылды.

Жолды 2025 жылғы 10 наурыз сағат 09:00-де ашу жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу