Бюджеттің 100 миллиард теңгеге жуық қаржысы игерілмей тұр

1036

Бюджеттің 100 миллиард теңгеге жуық қаржысы игерілмей тұр

Қазақстанда 100 млрд теңгедей қаражат игерілмей тұр. Бұл туралы үкімет отырысында  ҚР қаржы министрі Бақыт Сұлтанов айтты, деп хабарлайды 24.kz.

Үкімет басшысы жарты айлық қорытындысы кезінде игерілмегені расталса, қаржыны мемлекетке кері қайтаруды талап етті.

Сондай-ақ жоспарлы 13 жобаға бөлінген 43 млрд теңге де игерілмеуі мүмкін. Министр сондай  қаупі бар екенін алға тартты. Оның ең ауқымдысы автожол саласына бөлінген - 34 млрд теңге. Бар уәж дүниежүзілік банк және ислам банкімен келісім жасай алмауда. Ауылшаруашылығы саласында да көзделген жобаға бөлінген 3,2 млдр теңге игерілмеген. Бұған конкурстық шаралардың дұрыс орындалмауы себеп екен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу