Операция мүйізгек қабық соқырлығы бар науқастарға жүргізілген. Бұл аурудың кесірінен адамдар толығымен көру қабілетінен айрылады.
Енді екі елдің ақ халаттыларының арқасында індетке шалдыққан 11 науқас 100 пайыз көретін болады. Отаның алтауы елордадағы нөмірі екінші ауруханада жасалды.
Дәрігерлер операцияның сәтті өткенін айтады. Қалған бес науқас Алматыда ем қабылдайды. Бұл шара "Кератопластиканың қазіргі заманғы аспектілері" атты халықаралық конференцияның аясында өтті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу