Еліміздің "ДХР", "ЛХР" референдумдарына қатысты ұстанымы

606

Сыртқы істер министрлігі Ресейге Донецк және Луганск халық республикаларының, Запорожье және Херсон облыстарының кіруі туралы референдумға қатысты Қазақстан ұстанымын жариялады, деп жазады inbusiness.kz. 

Еліміздің "ДХР", "ЛХР" референдумдарына қатысты ұстанымы

"Қазақстан мемлекеттердің аумақтық тұтастығы, олардың егемендік теңдігі мен бейбіт қатар өмір сүруі принциптерін басшылыққа алады. Президентіміз бірнеше рет, соның ішінде БҰҰ мінберінен сөйлеген сөзінде аталмыш дүниежүзілік ұйымның Жарғысына негізделген халықаралық құқық қағидатын бұлжытпай сақтау маңыздылығын мәлімдеді. Бұл ретте еліміз тұрақтылықты өңірлік және жаһандық деңгейде сақтауды маңызды міндет деп есептейді", - деді ведомствоның ресми өкілі Айбек Смадияров.

Айта кету керек, өзін-өзі жариялаған Донецк және Луганск халық республикаларында, Запорожье және Херсон облыстарында Ресей құрамына кіру туралы референдум өтіп жатыр.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу