Еліміздің диқандары биыл алғаш рет 200 мың гектарға жасымық себеді

1316

Еліміздің диқандары биыл алғаш рет 200 мың гектарға жасымық себеді

Еліміздің диқандары биылғы көктемде алғаш рет  200 мың гектар алқапқа жасымық егетін болды, деп мәлім етті ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов.
"Биыл алғаш рет алқаптар көлемін масштабтауға және жасымық секілді экзотикалық дақыл себуге бел буып отырмыз. Солтүстік Қазақстан мен Ақмола облыстарында 200 мың гектар алқапқа жасамық себу жоспарланған, өнімге Үндістан мен Түркиядан мәміле бар.  Жасыл жасымықтың әлемдік нарықтағы бағасы тоннасына 1 мың долларға дейін жетеді", – деп атап өтті Қайрат Айтуғанов азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі жөніндегі сенат депутаттарымен кездесуде. 
Жалпы алғанда, бірінші вице-министр атап өткендей,  2021 жылға қарай азық-түлік өнімдері экспортын 40%-ға ұлғайту  мәселесін шешу үшін  әр жылдар бойынша өнім түрінің нақты индикаторлары айқындалды. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы министрлігінің дерегі бойынша,  астық экспорты 649 млн доллардан  715 млн долларға дейін, ұн – 344 млн-нан 414 млн-ға дейін, майлы дақылдар – 111 млн-нан 383 млн-ға, өсімдік майы – 40 млн-нан 340 млн-ға, сиыр еті  16 млн-нан  193 млн долларға дейін ұлғаюға тиіс.
"Ресей, Қытай және Иран нарықтары бойынша арнайы жол карталары қабылданып, Үндістан және Парсы шығанағы елдері бойынша  дәл сондай құжат дайындалып жатыр.  Сонымен бірге  регламенттер мен стандарттарды үйлестіруге ерекше назар аударылуда.  Экспорттық саясатта экологиялық таза өнім саудалау басымдыққа алынады", – деп атап өтті Қайрат Айтуғанов. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу