Еліміздің екі әуе компаниясына тексеру жұмыстары жүріп жатыр

837

"Эйр Астана" АҚ мен "Scat" авиакомпаниясы" АҚ-ға қатысты монополияға қарсы заңнаманы сақтау туралы тергеп-тексеру басталды.

Еліміздің екі әуе компаниясына тексеру жұмыстары жүріп жатыр

Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитеті жолаушыларды авиакөлікпен тасымалдау мен әуежай қызметі мәселесін талқылау үшін жұмыс тобының отырысын өткізді.

Жиында саладағы бәсекелестікті дамытуға кедергі келтіретін факторлар тілге тиек етіліп, қызмет көрсету сапасын арттырудың тиімді тәсілдері қарастырылды.

Естеріңізде болса, осыдан екі күн бұрын "Эйр Астана" АҚ мен "Scat" авиакомпаниясы" АҚ-ға қатысты монополияға қарсы заңнаманы сақтау туралы тергеп-тексеру басталды. Мәселенің мән-жайын түсіндіргенде бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің төрағасы Рустам Ахметов қос компанияны тергеп-тексеруге авиабилеттердің жоғары бағасы негіз болғанын баяндады. Ол тергеп-тексеруге индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі азаматтық авиация комитетінің шағымы негіз болғанын айтты.

"Азаматтық авиация қызметтері нарығында баға белгілеу практикасын зерделеу мақсатында бәсекелестікті қорғау және дамыту комитеті "Эйр Астана" АҚ және "SCAT авиакомпаниясы" АҚ-ға қатысты Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 174-бабының  1) тармақшасында көзделген бұзушылық белгілері, авиабилеттерге монополиялық жоғары баға белгілеу немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану бойынша тергеп-тексеру жүргізуге бастамашылық етті. Авиатасымалдаушылардың авиабилеттердің бағасын негізсіз өсуі расталған жағдайда Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасында көзделген жауапкершілік қолданылады", – деді Рустам Ахметов.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу